Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады
АСТАНА. KAZINFORM – 30 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың орталығында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде батыста, солтүстікте және орталықта, күндіз шығыс пен оңтүстікте 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда жел екпіні 18 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жоғары өрт қаупі, ал жалпы өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар облыстың батысы мен солтүстігінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, уақытша 25 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні батыста, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Орталық, оңтүстік және шығыс аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды дауыл болжанады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-батысы мен шығысында жоғары, ал оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста, солтүстікте және шығыста жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.