Қазақстанның басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді – Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3-ші ақпан күні еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.