Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 25 маусым күні еліміздің басым бөлігінің тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Астанада 25 маусым күні таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр болуы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады. Шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бірқатар ауданда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35-38 градусқа дейін жетеді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы ықтимал. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде тұман түсуі мүмкін. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұдан бұрын алдағы үш күнде ел аумағында циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болатынын жазғанбыз.