Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 6-сы күні күн райы болжамын жариялады.

Дождь
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 6 тамызда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус ыстық болады.

6 тамызда күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде, орталығында 42 градус ыстық болады.

6 тамызда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз 35-39 градус ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда 6 тамызда күндіз 37-39 градус ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

6 тамызда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Семейде 6 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

6 тамызда күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 6 тамызда күндіз 35 градус ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.

6 тамызда күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 6 тамызда күндіз 35 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

6 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

6 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус ыстық болады.

6 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Оралда 6 тамызда найзағай ойнайды.

6 тамызда күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың онтүстігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 6 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

6 тамызда Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус ыстық болады.

Алматыда 6 тамызда күндіз кей уақытта найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-ке жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаевта 6 тамызда күндіз 35 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

6 тамызда түнде Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакол көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде 35-36 градус ыстық.

Талдықорғанда 6 тамызда күндіз 35-36 градус ыстық. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады.

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Петропавлда 6 тамызда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.