Қазақстанның бірнеше өңірінде қар, боран және көктайғақ болады
АСТАНА. KAZINFORM — 30 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. «Қазгидромет» Астана, Алматы қалалары мен 16 облыс тұрғындарына ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Алматыда таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта тұман түседі. Іле Алатауының таулы аймақтарында, сондай-ақ қаланың Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде мезгіл-мезгіл қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысы
Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде кей уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Таулы аудандарда қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қонаев қаласында мезгіл-мезгіл жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі.
Қарағанды облысы
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Қарағандыда түнде қар жауып, күндіз аздаған қар түседі. Жаяу бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысы
Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Орталық бөлігінде аздаған қар жауып, бұрқасын болады.
Жезқазғанда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысы
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Облыстың батысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысы
Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Облыста қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Өскеменде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады.
Абай облысы
Түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.
Семейде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Орал қаласында да түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысы
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Батысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Павлодарда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысы
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Таулы аймақтарда көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысы
Таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман түседі.
Шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, кей уақытта 25 метрге дейін күшейеді.
Талдықорғанда мезгіл-мезгіл тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі.
Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Петропавлда күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда облысы
Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Ақмола облысы
Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Желтоқсанның алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
Бұған дейін «Қазгидромет» 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығындағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде еліміздің батысында -5–12°С, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында -10–18°С, шығысында -7–12°С, ал таулы аудандарда -15–20°С-қа дейін төмендейді.
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.