Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Еліміздің 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

жол жабылды
Фото: Kazinform

 Абай облысында - 1 учаске:
1. "Омбы-Майқапшағай" 910-1002 км, Қалбатау а. - Көкпекті а. дейін - 92 км.
(боран, шектеулі көрініс)

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:
1. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман кілттері" 6-166 км, Ушанов а. - Алтай қ. - 160 км.
(қар көшкінінің қаупі)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 395 бірлік техника және 556 жолшы жұмылдырылды.