Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — 10 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

жол
Фото: КазАвтоЖол

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол. (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты). 

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін). 

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол (жаңбыр, көктайғақ). 

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрлері үшін). 

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 310 бірлік техника және 535 жолшы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар