Қазақстанның екі семсерлесушісі Азия ойындарында ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының семсерлесушілері Ирина Бакалдина мен Владислава Андреева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында шпагамен айқасудан жекелей сайыстың ширек финалына шықты. 1/8 финалда қос спортшы да қарсыластарын жеңіп, үздік сегіздікке енді. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Қазақстанның екі семсерлесушісі Азия ойындарында ширек финалға шықты
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының семсерлесушілері Ирина Бакалдина мен Владислава Андреева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында шпагамен айқасудан жекелей сайыста ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалда Бакалдина Иордания өкілі Дина Мансиді 15:7 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал Андреева Оңтүстік Корея спортшысы Лим Тэхиден 15:13 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстанның екі шпагашысы да үздік сегіз спортшының қатарына енді.

Бұған дейін Еркінғали Бүркіталин Азиада чемпионы атанғанын жаздық.