Қазақстанның екі спортшысы жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның ерлер құрамасының өкілдері Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Филиппиннің Санта-Роса қаласында жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатында 1/4 финалға шығу үшін күреседі, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.
Қазақстандық жұп топтық кезеңнен сәтті өтті. Отандастарымыз Жапонияға есе жібергенімен, Таиланд пен Аустралия командаларынан басым түсті.
Бұл жеңіс Богату мен Яковлевке Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді. 1/8 финалда қазақстандықтар Индонезиядан келген жұппен кездеседі.
Сондай-ақ, плей-оффқа әйелдер жұбы Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко да шықты. Оларға 1/8 финалға шығу үшін Таиланд командасына қарсы кездесуде жеңіске жету қажет.
«Атырау» клубы параволейболдан Азия чемпионатында жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.