KEGOC Қазақстанның энергожүйесінде болған ақауға қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі (БЭЖ) болған техникалық ақауға қатысты KEGOC компаниясы түсініктеме берді.
Компанияның мәліметінше, сағат 05:02-де Өзбекстан энергетикалық жүйесіндегі 1516 МВт генерациялық қуаттың жоғалуы Орталық Азия энергетикалық жүйесінен қуаттың күрт өсуіне әкелген, нәтижесінде Солтүстік-Оңтүстік электр беру желісінің ажыратылуына себеп болған.
Қазақстан энергетикалық жүйесіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайту 962 МВт-ты құраған.
KEGOC компаниясы апаттық басқару жүйелері жобаланғандай жұмыс істегенін хабарлады.
Электр компаниясының дерегінше, сағат 05:43-те Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азия Бірыңғай энергетикалық жүйесі арасында параллель жұмыс қалпына келтірілген, тұтынушылардың жүктеме шектеулерін алып тастау туралы бұйрық шығарылған.
Айта кетейік, бүгін Астананың кей аудандарында жарық пен су болмайды.