Қазақстанның гуманитарлық жүгі тиелген ұшақ Мысырға барып қонды

гуманитарная помощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Қазақстан Палестинаға бөлген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Мысырға барып қонды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Гуманитарлық жүк Палестина халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жіберілді. Жүк ұшағына мемлекеттің материалдық қорынан азық-түлік, көрпе-жастық, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС-нан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелді. 

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Керек-жарақ тізімінде 14 түрлі бұйым бар.  Олардың жалпы салмағы 38 тонна. Жүкті ҚР ТЖМ әскери күш-құрылымдары тиеді. 

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Гуманитарлық көмек "Қызыл жарты ай" қоғамдық ұйымының өкілдеріне табысталады. 

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Айта кетейік, кеше Палестинаға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Алматыдан ұшып шыққанын жазған едік.

Одан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберетіні  хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram