Қазақстанның қай өңірлерінде жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 6 облыста республикалық маңызы бар 12 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
«15 қаңтар сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығы салдарынан 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 744 техника мен 1358 жолшы жұмылдырылды», - деді «Қазавтожол» ұлттық компаниясының ресми өкілі Динара Қамзанова.
Бүгін таңғы 7.30-да Астана-Щучье және Щучье-Астана бағыттары бойынша «Қазавтожол» және жергілікті полиция қызметінің сүйемелдеуімен автокөліктер колоннасы жолға шықты. Көліктер ағынында 320-дан астам автомашина байқалады.
«Еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы – солтүстік өңірлерде қарлы, желді ауа райы және аяз болжанады, оңтүстік өңірлерде жаңбыр аралас қар күтіледі. Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында ауа райын ескерулеріңізді сұраймыз», - дейді Д. Қамзанова.
Еске сала кетейік, барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жарияланған. Сонымен қатар, 1403 нөмірі бойынша колл-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Осылайша, соңғы деректер бойынша Жамбыл облысында 3 учаске жабық.
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы – Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) – 79 км.
«Меркі-Бурылбайтал» 161-273 км, Бірлік ауылы - Бурылбайтал ауылы -112 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі ауылы – Түркістан облысы шекарасы – 59 км.
Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабық.
«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек.» 213-280 км, Кішкенекөл ауылы – РФ шекарасы – 67 км.
«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка ауылы – Рощинское ауылы – 166 км.
«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-87 км, Рощинское а.- Волошинка ауылы – 87 км.
«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка ауылы -Тимирязево ауылы – 119 км.
«Тимирязево-Сарыкөл- облыс шекарасына дейін» 0-32 км, Тимирязево ауылы - Қостанай облысының шекарасы – 32 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында 1 учаске жабық – «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел).
Қостанай облысында – «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Арқалық қаласы - Ұлытау облысының шекарасы – 83 км жол жабық. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Түркістан облысында – «Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Түркістан облысының шекарасы - Жібек Жолы ауылы – 61 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты).
Ұлытау облысында – «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау ауылы - Қостанай облысының шекарасы – 188 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).