Қазақстанның Қытай, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекара бекеттері өткізу қабілетін 8 есе арттырады

таможня
Фото: Мухтар Холдорбеков/ агентство Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары туралы айтып берді.

«Елдің транзиттік әлеуетін дамыту және көршілес елдермен тауар айналымын ұлғайту мақсатында Үкімет Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан, Түрікменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртуды бастады», - деді департамент басшысы Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жаңғырту заманауи талаптарға сай келмейтін ескі инфрақұрылымды бұзып, жаңа өткізу бекеттерін салуды көздейді.

«Жаңғырту аясында жаңадан «Алакөл» автомобиль бекеті салынуда және оның аумағы айтарлықтай кеңейтіледі. 2023 жылдың маусым айында «Достық-Теміржол» инспекциялық-тексеру кешені пайдалануға берілді», - деді Елдос Саудабаев.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жаңғырту жұмыстары өткізу қабілетін 8 есеге арттыруға, барлық тауарлар мен көлік айналымын автоматтандыру арқылы шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар