Қазақстанның кішкентай жүзгіштері Азия ашық чемпионатынан 62 медаль әкелді

БАНГКОК. KAZINFORM — Таиланд елінің Бангкок қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы су спортынан Азия ашық чемпионаты аяқталды.

жүзу
Фото: instagram.com/kazswimteam

Азия чемпионатына 14 елден 896 спортшы қатысқан. 

Қазақстан жүзу құрамасынан әртүрлі жастағы 22 спортшы бағын сынады.

Оның көбі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына кіреді.

«Біздің құрама 62 медаль жеңіп алды, оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 10 қола медаль. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды» деп сүйінші хабарды жеткізді Қазақстанның су спорты құрамасы.
  

Соңғы жаңалықтар