Қазақстанның мемлекеттік сайттары техникалық жұмысқа байланысты жабылды

Қазақстанның мемлекеттік сайттарында техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

 мемлекеттік сайттар
Фото: Мұхтор Холдорбеков / Kazinform

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, 2024 жылғы 12 қаңтар 13:00-ден бастап 13 қаңтар 9:00-ге дейін және 2024 жылғы 13 қаңтар 13:00-ден бастап 14 қаңтар 9:00-ге дейін «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі.

— Жоғарыда айтқанымыздай, осы уақыт аралығында «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» жобасы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаймыз, - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар