Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулы облыстық баспасөз үйінде болды
TAШКЕНТ. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов облыстық баспасөз үйіне барып, ондағы газеттердің қызметімен, баспасөз тарихымен танысты, деп хабарлайды ӨзА.

Бас консулға жүз жылдан астам тарихы бар облыстық баспасөздің, оның ішінде «Зарафшон», «Самаркандский вестник» және «Овози Самарқанд» газеттерінің қызметі туралы баяндалды. Бүгінгі аласапыран заманда ақпараттың маңыздылығы мен жаңалықтарды халыққа жылдам әрі сапалы жеткізу жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан консулдығы өңірлік БАҚ-пен тығыз жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
— Мен бауырлас Өзбекстан мен өзбек халқын жақсы білемін, — дейді Талғат Шәріпов. — Самарқандта жұмысты бастамас бұрын Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде жұмыс істедім. Мен ол кезде Самарқандқа іс бабымен келгенмін, бірақ оның баспасөзімен таныс емес едім. Бүгінде мен осы ежелгі де әсем қалада жұмыс істей отырып, осындай мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Самарқанд тарихи ескерткіштерімен, киелі орындарымен ғана емес, журналистикасының тарихилығымен де маңызды екеніне куә болдым.
Сондай-ақ, Бас консул ынтымақтастық туралы да пікір білдірді.
— Дініміз бір, тіліміз жақын, сондықтан өмір салтымыз да, даму мақсатымыз да бір. Журналистика саласындағы өзгерістер мен ұқсастықтар да осындай. Сондықтан екі мемлекет пен екі бауырлас халық арасындағы мәдени-шығармашылық, ғылыми-тарихи байланысты нығайту мақсатында Самарқандта Қазақстан, осы тарихи қала туралы біздің баспасөз басылымдары мен телеарналарымызда мақалалар жазып, хабарлар дайындауды көздеп отырмыз. сондай-ақ Қазақстанға пресс-тур ұйымдастыру ойымызда бар, — деді ол.
Еске сала кетеік, Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулдығы 2021 жылдың сәуірінде жұмысын бастады.