Қазақстанның солтүстігіндегі жолдар тексерілді
АСТАНА. KAZINFORM - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері таңғы патрульдеу аясында автожолдар мен жол бойындағы жасанды құрылыстардың жағдайын тексерді.
Облыс аумағындағы республикалық күре жолдардың жиектері мен су өткізу құбырлары қардан тазартылып жатыр.
Қазіргі таңда 607 құбырдың 259 данасы көктем мезгіліне дайын. Сондай-ақ жарықшамдарды ауыстыру, жол белгілерін жаңарту шаралары да тұрақты тәртіпте жалғасуда.
Солтүстік Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жұмысқа 85 техника мен 164 маман жұмылдырылған.