Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жартылай түсірілді

Түркия
Фото: Kazinform

Костенко атындағы шахтада жұмысшылардың қаза болуына байланысты 29 қазан елімізде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.  Осыған байланысты Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жартылай түсірілді, деп хабарлайды Kazinform.

Негізгі мемлекеттік рәміздер 29 қазанға қараған түні Анкара уақыты бойынша 21.00-ден бастап түсірілді, бұл Астана уақыты бойынша 00.00-ге сәйкес келеді. 

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне жергілікті азаматтар мен басқа елдердің өкілдері келіп, қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырып жатыр. 

Түркияда ұлттық мереке – Республика күні аталып өтсе де, халқымыздың мұңын бөлісу мақсатында түрік саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері де Қазақстан елшілігіне келеді. 

Көңіл айтқысы келетіндер үшін Қазақстан Елшілігінің есігі 30 қазанға дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін ашық. 

Соңғы жаңалықтар