Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

«2023 жылғы 22 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Риддер, Өскемен қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.