Қазақстанның үш қаласында салынатын ЖЭО құрылысына қанша қаржы жұмсалады
АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Көкшетау, Семей және Өскемендегі жылу-электр орталықтарының (ЖЭО) құрылысы бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді.
«Қазіргі уақытта Көкшетаудағы жылу-электр орталығы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме аяқталуда. Семей ЖЭО-сы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме биылғы наурыз айында аяқталады. Өскемендегі ЖЭО бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге енді кірісеміз», - деді Қайрат Мақсұтов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, олардың нақты құны әлі бекітілмеген, ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.
«Бүгінгі слайдта көрсетілген болжамды сома 330 млрд теңге, ЖЭО-ның әрқайсысы бойынша 270 млрд теңге», - деді Қ. Мақсұтов.