«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында Сыр өңірінен 9 кәсіпкер өнімін ұсынды

«Қазақстанның үздік тауары-2023» көрме-байқауына Сыр өңірінен 9 кәсіпкер қатысып жатыр, деп хабарлайды Kazinform

тауар
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Астана қаласында «ЕХРО» халықаралық көрме павилионында «Қазақстанның үздік тауары-2023» көрме-байқауы басталды.

Оған 20 өңірден барған 180 кәсіпорын қатысып жатыр. 

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Көрмеге Сыр елінен «Орда СтройМарт» ЖШС (Жаңақорған ауданы, әк өндірісі), «NOMAD» ЖК (Қызылорда қаласы, керамикалық раковиналар), «Қызылорда дизайн» ЖШС (Қызылорда қаласы, дайын металл бұйымдары) өндірістік мақсаттағы тауарларымен барды.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» көрмесіне «Жаңажол» (Қармақшы ауданы, күріш өндірісі), «Алтын Орда» (Қызылорда қаласы, тұз өндірісі), «Асыл дән LTD» (Қызылорда қаласы, күріш өндірісі) серіктестіктерінің өнімдері қойылған.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

«Халыққа арналған үздік тауарлар» көрмесіне түйе жүнінен тоқыма бұйымдарын өндіретін аралдық «Жумашева Индира Жаилгановна» ЖК «Ай-Аружан» брендімен қатысуда.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Сонымен бірге «Казбергенов Н» ЖК-ның «Қазалы» кәмпиті, «Тәтті әлем» ЖК-ның кондитерлік өнімдері ұсынылған.

кәмпит
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі