Қазақстаннның электр стансалары біртіндеп мазуттан бас тартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның электр стансалары біртіндеп мазуттан отынның баламалы түрлеріне көшетін болады.
Бұл туралы бүгін Астанада «Kazenergy» қауымдастығының 2013 жыл бойынша Ұлттық энергетикалық баяндамасын таныстыру барысында аталған қауымдастықтың Бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.
Бас директор қазіргі кезде Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі жылына 15 млн. тонна деңгейінде екенін айта келе, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртқаннан кейін өңдеу көлемі жылына 18-19 млн. тоннаны құрайтындығын атап өтті.
«Мазутты өндіру көлемі күрт төмендеді. Осы орайда біз энергетиктердің назарын отынның баламалы түрлеріне көшуі мәселесін қарастыруына аудардық»,-деді Ә. Мағауов.