Қазақстаннның кейбір аймақтарында бұрқасын болып, тұман түседі - Қазгидромет

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстары салқын атмосфералық ағынның ықпалында болады. Республиканың қалған аумағына антициклон ықпал етеді.

Қазақстаннның кейбір аймақтарында бұрқасын болып, тұман түседі - Қазгидромет

Павлодар облысында кейбір жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр жел тұрады, күндіз бірқатар жерлерде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі, шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Сондай-ақ таяудағы үш тәуліктің ішінде республиканың тау өзендерінде судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның солтүстік бөлігінің су нысандарында судың жоғарғы қабаты одан әрі қата береді, кейбір өзендерде мұз қатуы күшейе түседі.