Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарынан көрінгісі келетін ерлер басым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарынан орын алғысы келетін ер адамдардың саны әйелдерге қарағанда біршама басым. Мұндай деректі бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмыс және сарапшылық топтың кезекті отырысында әлеуметтану ғылымдарының докторы Ләззат Нұрқатова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз кандидат тарихын кім, қайдан және қаншалықты жіберді деген санақпен және статистикамен айналысқан жоқпыз. Біздің міндетіміз адам тарихының бірегейлігін, ерекшелігін айқындау болды. Тарихының жылнамалық аясын ұстануға тырыстық. Нақты айтқанда Қазақстан тәуелсіздігі кезеңіндегі тарихы қызықтырды», - деді ол.

Оның айтуына қарағанда, қоғамдық онлайн дауыс беруге ұсынылған   кандидаттың 67 пайызын ер-азаматтар, ал қалған 33 пайыз әйелдер құраған.

«Алдын ала іріктеп алынған кандидаттардың гендердік және этникалық құрамына қатысты мынадай жайт белгілі болды. Үміткерлердің шамамен 67 пайызын ерлер, 33 пайызын әйелдер құрайды. Барынша үлгі боларлық тарихтың батырлары қатарында қазақтар, орыстар, корейлер, немістер және украиндықтар бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар