«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңінің нәтижесі қашан жарияланады
Өткен жылдың күзінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталған болатын. Ережеге сәйкес, дауыс беріліп, сарапшылар комиссиясының отырысы да өтті.
«Шынында да, екінші кезеңдегі жеңімпаздарды анықтау жұмысы шегіне жетті. Қазіргі уақытта Ақпарат және коммуникациялар министрлігі екінші кезеңнің нәтижесінің таныстырылымын өткізуге дайындалып жатыр. Менің ойымша, осы жылдың ақпан айының алғашқы жартысында біздің еліміз жаңа тұлғаларының жетістіктерінің тарихымен таныс болады», - деді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуына қарағанда, жобаның екінші кезеңі аясында алғашқыдай 100 адам емес, одан аз адам таңдап алынған.
«Бұл жерде сөз жетістікке толы ондаған азаматтың өмірі туралы айтылып отыр. Екіншіден, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл жобаға қоғам тарапынан үлкен сұраныс бар. Мәселен, екі жылдың ішінде жобаға қатысуға 4 мыңға жуық өтінім берілген. Дауыс бергендердің саны 100 мыңнан асып жығылады. Үшіншіден, Қазақстан жаңа батырларға бай екенін көрсетіп берді. Өкінішке қарай, ортамызда жүрген олар туралы біз көп біле бермейміз. Жоба осы кемшілікті реттеуге бағытталған», - деді Дәурен Абаев.
Еске сала кетсек, республикалық «100 жаңа есім» жобасына (екінші кезеңіне) үміткерлерден өтінім қабылдау жұмысы өткен жылдың қыркүйек айында басталған еді.