19:00, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстанның 11 облысында найзағай ойнайды - 24 сәуірдегі ауа райы болжамы
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - 24 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындар ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысында - кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күшеюі 15-20 м/с-ке жетуі, түнде және таңертең тұман түсуі күтілуде.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан судың мол келуінен өзен деңгейі көтерілуі жалғасады.