Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған

"Бір жыл бұрын, 2018 жылдың наурыз-сәуірінде министрлік тарапынан мониторинг тобы құрылды. Аталған шара пациенттер тарапынан министрлікке сатып алу процесі жүргізілгендігіне қарамастан дәрі-дәрмектерді ала алмауларына қатысты көптеген шағымның түсуіне байланысты жүргізілді", - деді ол.

Комитет төрайымының дерегінше, еліміздің 11 өңірінде 2016-2017 жылдарға арналған 4,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі пайдаланылмай қалып қойғандығы анықталған. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәректер науқастарға берілгендігі көрсетілген.

"Мониторинг топтың барлық мәліметтері Бас прокуратураға берілді және өткен жылдан қазіргі уақытқа дейін өңірлерде де, министрлікте де тексеру жүріп жатыр. Осы тексерулердің қорытындысында 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды", - деді Людмила Бұйрабекова.