Қазақстанның 14 өңірінде электр қуатының бағасы өсті - ТМРА

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің 14 өңірінде электр энергиясының тарифі өзгерді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Қазақстанның 14 өңірінде электр қуатының бағасы өсті - ТМРА

«Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің 14 өңірінде электр энергиясының тарифі өзгерді. Бұл жоспарлы өзгерту ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысын орындау мақсатында жүргізілді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, тарифтер барлық өңірде шамамен 1 теңге көлемінде жоғарылаған. «Ақтөбе облысын алып қарасақ, онда электр энергиясының тарифтері 17 тиынға өзгерген. Алматы облысында 1 теңге 05 тиынға өскен», - деді А.Алпысбаев.