Қазақстанның 144 мыңнан астам мектеп оқушысы өз қатарластарының арнайы мекемелерде қалай өмір сүретіндігін көрді

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Жасөсіпірм - Заң - Қауіпсіздік» республикалық акциясының аясында полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнайы мекемелерде ел оқушылары үшін ашық есік күндерін ұйымдастырды,

Қазақстанның 144 мыңнан астам мектеп оқушысы өз қатарластарының арнайы мекемелерде қалай өмір сүретіндігін көрді

деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

144 мыңнан астам мекеп оқушысы әртүрлі 469 мекемеде, соның ішінде қалалық және аудандық ішкі істер бөлімінде, ІІБ арнайы мекемелерінде, тәрбие колонияларында, ерекше тәртіпті арнайы білім беру орындары мен жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында болды.

Тәртіп сақшылардың айтуынша, бұл іс-шаралардың мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың заңдық білімдерін арттыру болып табылады.