Қазақстанның 1638 жылы жарық көрген түпнұсқа картасы табылды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанның 1638 жылы жарық көрген түпнұсқа картасы табылды.

Қазақстанның 1638 жылы жарық көрген түпнұсқа картасы табылды

Сүйінші хабармен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Фейсбуктағы парақшасында бөлісті.

«Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім - АҚШ-қа сапар алдында. Бірнеше ай бұрын америкалық әріптес-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Бұған дейінгісі көшірме еді, ал мынау түпнұсқа», -деп жазды ол.