Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Австриядағы халықаралық фестивальде сәтті өнер көрсетуде

АЛМАТЫ. 8 шілде. ҚазАқпарат -  Волейболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Австриядағы халықаралық фестивальде алғашқы үш кездесуді де өз пайдасына шешті.

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Австриядағы халықаралық фестивальде сәтті өнер көрсетуде

Онда Григорий Неклюдов жаттықтыратын қазақстандықтар бүгін Германияның «SCC Berlin» командасынан 0:2 (9:25, 17:25) есеібімен басым түсті. Кеше Швейцарияның  «Amriswil»  (17:25, 8:25) және Болгарияның  «Varna Volley» (18:25, 8:25) командаларын да дәл осындай есеппен ұтқан болатын. Қазір олар топтық кезеңдегі келесі ойындарын Австрияның «Hotvolleys», Германияның  «VC Dresden» командаларымен өткізбек.