09:19, 08 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Австриядағы халықаралық фестивальде сәтті өнер көрсетуде
АЛМАТЫ. 8 шілде. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Австриядағы халықаралық фестивальде алғашқы үш кездесуді де өз пайдасына шешті.

Онда Григорий Неклюдов жаттықтыратын қазақстандықтар бүгін Германияның «SCC Berlin» командасынан 0:2 (9:25, 17:25) есеібімен басым түсті. Кеше Швейцарияның «Amriswil» (17:25, 8:25) және Болгарияның «Varna Volley» (18:25, 8:25) командаларын да дәл осындай есеппен ұтқан болатын. Қазір олар топтық кезеңдегі келесі ойындарын Австрияның «Hotvolleys», Германияның «VC Dresden» командаларымен өткізбек.