Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Венадағы халықаралық спорт фестиваліне қатысуда

None
None
АЛМАТЫ. 7 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Австрияның  Вена қаласында өтіп жатқан жыл сайынғы халықаралық спорт фестиваліне қатысуда.

4 шілде күні басталған бұл шара алдағы сейсенбі күні аяқталады. Бас бапкер  Геннадий Неклюдов онда алматылықтардан Олжас Шонаев, Әлібек Көпбергенов,  Владислав Апазиди, Михаил Бобков, Кузнецов Андрей, Руслан Гилязутдиновке,  өскемендіктерден Александр Жуков пен Олег Веригинге,

қызылжарлықтардан Александр Целықа сенім артуда.  Оған ерлер арасында - 8, ал 17, 15 және 13 жастағы  қыздар арасында  -  22 команда бақ сынауда. Ерлер арасында қазақстандықтар  Германияның  «SCC Berlin», «VC Dresden», Болгарияның  «Varna Volley», Австрияның «Hotvolleys», Швейцарияның  «Amriswil» командаларымен бірге өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар