Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қараша күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы төмендейді

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау мен Шымкент қалаларында ауада зиянды заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.