Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы алғаш рет шет мемлекетте талқылануда

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Берлинде «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы: құқықтық және сот реформасы саласындағы тұрақты даму» атты тақырыпта халықаралық конференция өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық делегация онда сот жүйесін реформалау, азаматтық және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру және осы шараны ұйымдастырып отырған немістің техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамдастығымен байланысты жетілдіру мәселелерін талқылауға атсалысуда. Шараның маңыздылығы қазақстандық бағдарламалық құжат алғаш рет шет мемлекетте талқылануда.

Конференцияның ашылу рәсімінде еліміздің Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов пен Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Оңжановтар кіріспе сөз сөйледі. Ал Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков бүгінгі жиынның Қазақстанның Жоғарғы сотының Немістің техникалық ынтамақтастық жөніндегі қоғамдастығымен бірлескен қимылдарының жемісті нәтижесі екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ ол германиялық әріптестеріне қазақстандық сот жүйесін жетілдіруге үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.

Конференция жұмысы 5 сессия бойынша жүріп жатыр. Бірінші сессия барысында Қазақстандағы құқықтық және сот жүйесіне қатысты жалпы мәселелер талқыланды. Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов бұл мәселеге қатысты өзінің баяндамасында еліміздің Құқықтық саясаты тұжырымдамасының басым бағыттарына тоқталды. Ал Парламент Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Имашев Қазақстандағы құқық қорғау органдары жүйесін жетілдіруге қатысты баяндама жасады. Сондай-ақ тұжырымдамадағы прокурорлық бақылау шарасының болашағы жөнінде Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель баяндады.   

Соңғы жаңалықтар