Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Астанадағы оқу-жаттығу жиынын бастады

АЛМАТЫ. 22 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Сергей Боровский жаттықтыратын Қазақстаннның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы қысқа оқу-жаттығу жиынын бастады. Ол 25 шілдеге дейін созылмақ. Бұл қазақстандықтардың 2015 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы 11 тамыз күні Астанада Армениямен өтетін матчына дайындық болмақ. Бұған дейін олар сырт алаңда, Борисов қаласында Беларусь құрамасынан 0:1 есебімен басым түскен болатын.

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Астанадағы оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазір 2 ойында да қарсыластарынан басым түскен исландиялықтар 6 ұпаймен көш бастап келе жатса, олардан 1 ойыны кем қазақстандықтар 3 ұпаймен екінші орында тұр. Ал 1 ойын өткізіп жеңіліс тапқан армяндар мен 2 ойында да жеңілістің ащы дәмін татқан белорустардың және әлі бірде-бір ойын өткізбеген француздардың қоржыны бос тұр.

Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шығуды алдына мақсат етіп қойып отырған қазақстандық аяқдопшылар бұдан кейін қатарынан 2 ойынын сырт алаңда өткізеді. Оның алғашқысын 5 қыркүйекте франциялықтармен, екіншісін 10 қыркүйекте исландиялықтармен кездеседі. Сосын өз алаңында 10 қазанда Беларусь, ал қазанда сырт алаңда Армения футболшыларымен қарымта кездесу өткізеді. Ал ақырғы 2 ойынын 2014 жылы өз алаңында өткізбек. Оның алғашқысын 5 наурызда Исландия, екіншісін 2 қыркүйекте Франция футболшыларымен өткізетін болады.