Қазақстанның 26 жас футболшысы Бразилияға оқуға аттанды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық 26 өрен Бразилияға оқуға аттанды.
None
None

Олар мұхиттың арғы жағындағы елде футболдың қыр-сырын меңгермек. Бұл жайында «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлап отыр. Олар үш жыл бойы оқу-жаттығуға қатысып, өз шеберліктерін шыңдайтын болады.

Айта кетейік, бұл шара 5 жыл бұрын екі елдің мемлекет басшыларының екіжақты келісімінің нәтижесінде іске асырылуда. Бұндай оқу жаттығуға елімізден үш жыл бұрын барғандардың алғашқы легі футбол әліппесін тауысып келді.

Атап айтқанда, арнайы комиссия Қазақстан аумағында мықты жас футболшыларды іріктеп, олар  кеше Сан Пауло қаласын бетке алып жол жүріп кетті. Бразилияға жол тартқан жеткіншектер 2015 жылы елге оралады.

Соңғы жаңалықтар