Қазақстанның 3 облысында 11 жол учаскесiн жайылған су алып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 3 облысында 11 жол учаскесiн су шайып кетті. Бұл туралы бүгiн IIМ Төтенше жағдайлар комитетiнiң ресми өкiлi Руслан Иманқұлов мәлiм еттi.
«Республиканың 3 облысында 11 автожол учаскесiн жайыл су алып жатыр. Оның iшiнде, Ақмола облысында - 5, Солтүстiк Қазақстан облысында - 4 және Қарағанды облысында - 2. Жергiлiктi жерлерде ескерту белгiлерi қойылған, балама жол қозғалысы ұйымдастырылды», - дедi ол.
Барлық жерлерде жолды қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде.