Қазақстанның 3 облысында 47 адам қар құрсауынан құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 3 облысында 1 тәулік ішінде 47 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Қазақстанның 3 облысында 47 адам қар құрсауынан құтқарылды

26 ақпанда Ақмола облысында сағат 18:29 Богдановка ауылының маңындағы «Петропавл-Астана» тас жолында жүк көлігі 2 жолаушысымен техникалық ақаулыққа байланысты тоқтап қалды. Облыстың ТЖД өрт сөндіру қызметінің көмегімен (3 адам мен 1 техника) жолаушылар Қоғам ауылына жеткізілді. Жапа шеккендер жоқ.

Осы күні сағат 21:09 Қаражар ауылының жанындағы «Жолымбет-Пригородное» трассасында 13 жолаушысы бар 7 көлік қар құрсауында қалды. Облыстың ТЖД өрт сөндіру қызметінің көмегімен (4 адам мен 1 техника) көліктер қары тазартылған жерге көшірілді. Жапа шеккендер жоқ.

27 ақпанда сағат 00:55 Сарыкөл ауылы маңайындағы «Астана-Жаңғызқұдық» тас жолындағы қалың қардың кесірінен жеңіл көліктің рөлін басқарған адам тоқтап қалды. ҚР ТЖМ құрылымдарының көмегімен (2 адам және 1 техника) жүргізуші Сарыкөл ауылына жеткізілді.

27 ақпанда сағат 01:52 Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Мұқыр ауданында 6 жолаушысы бар «Ауди-100» көлігі қар құрсауында қалды. Облыстың ТЖД өрт сөндіру қызметінің көмегімен (3 адам мен 1 техника) сағат 02:29 машина трассадан шығарылды. Жапа шеккендер жоқ.

26 ақпанда сағат 12:30 Қызылорда облысында орналасқан «Қызылорда-Жезқазған» тас жолында 10 жеңіл көлік (25 адам) қар құрсауында қалды. Облыстың ТЖД өрт сөндіру қызметі (9 адам мен 2 техника) темір тұлпарлар жолаушыларымен бірге қардан тазаланған аумаққа шығарылды. Жапа шеккендер жоқ.