Қазақстанның 3 өңірінде ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 қарашада Ақмола облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-
25 қарашада Солтүстік Қазақстанда қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 90-95 %.