Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды, тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

«2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді», делінген хабарламада.

Еске салсақ, 4 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылған болатын.