Қазақстанның 4 азаматы Қытайда орын алған жол апатында зардап шекті

«Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, тамыздың 20-сы күні таңғы сағат 4-те Үрімшіден Сияньға кетіп бара жатқан автобус Хами қаласына жетпей жол-көлік апатына ұшырады», деп атап өткен оның айтуынша, автобуста 48 жолаушы болған. Оның 19-ы Сиянь қаласының және Шэньхи провинциясының түрлі ЖОО-ларына оқуға бара жатқан Қазақстан азаматтары екен.
Апат салдарынан қазақстандық 4 азамат жарақат алды. Қазіргі уақытта олар түрлі дене жарақаттарымен Хами қаласындағы ауруханаға жатқызылды, өмірлеріне аса қауіпті қатер төніп тұрған жоқ. Ал Қазақстанның қалған азаматтары жеңіл жарақат алып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Ресми өкілдің атап өтуінше, қазақстандық дипломаттар зардап шеккен ел азаматтарына қажетті көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда.