07:45, 25 Қараша 2020 | GMT +6
Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 25 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің төрт қаласында - Балқаш, Теміртау, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.
Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.