Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 23 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 23 желтоқсанда тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Көкшетауда жаяу бұрқасын күтіледі, ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте түнде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.