22:39, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
Қазақстанның 4 өңірінде ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ауа температурасының жылынуына және жауын-шашынның түсуіне байланысты 17 наурызда СҚО, ШҚО, Павлодар мен Қарағанды облыстарында қардың қатты еруі күтіледі», - делінген хабарламада.