Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 14 наурыз күні Қазақстанның бірнеше қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы  нашарлайды

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, ауа сапасы Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шымкент қалаларында, сондай-ақ түнде және күндіз Астана қаласында нашарлайды.

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.