Қазақстанның 5 қаласында ядролық медицина орталықтары құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 5 қаласында ядролық медицина орталықтары құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов мәлім етті.
«Осы жылдың соңына дейін Семей қаласында Ядролық медицина орталығы құрылатын болады. Сонымен қатар тағы 4 қалада, атап айтқанда, Астанада, Алматыда, Ақтөбе мен Қарағандыда 2015 жылы дәл осындай орталықтар ашылады», - деді вице-министр. Сонымен қатар С.Мусинов осы жылы және келер жылдың ішінде республикадағы 5 онкологиялық орталық жаңғыртылатындығын баса атап өтті.