Қазақстанның 6 облысында ауа райы салдарынан жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.
(Астана қаласы)
11.01. Сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) «Астана-Павлодар», Астана-Қарағанды», «Астана-Атбасар», «Астана-Қорғалжын» автожолдарында қоғамдық және жүк автокөліктері үшін қозғалыстар жабылды.
(Алматы облысы)
10.01. Сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, боран жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» автожолында (83-184-ші шақырымдар) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды,
(Қарағанды облысы)
11.01. Сағат 14:45-тен бастап ауа райының нашарлауына байаланысты (көктайғақ, жаңбыр) қоғамдық және жүк автокөлігі үшін барлық бағыттарда қозғалыс жабылды.
(Ақмола облысы)
11.01. Сағат 15:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) «Екатеринбург-Алматы» автожолы учаскесінде (1275-1353-ші шақырымдар, Астана қаласы-Қарағанды облысының шекарасы), «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында (16-205-шы шақырымдар, Астана қаласы - Шідерті кенті) жүк және қоғамдық автокөлік түрлері бойынша қозғалыс жабылды.
11.01. Сағат 17:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолы учаскесінде (995-1275-шы шақырымдар, Астана қаласы-Атбасар қаласы) жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс жабылды:
11.01. Сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) «Көкшетау Петропавл» (4-41-ші шақырымдар); «Көкшетау Омбы» (2-50-ші шақырымдар, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін); «Көкшетау -Рузаевка» (0-61-ші шақырымдар, Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін); «Астана-Көкшетау» (18-300-шы шақырымдар) «Көкшетау-Атбасар» (0-184-ші шақырымдар), «Көкшетау-Қорғалжын» (19-169-шы шақырымдар) автожолдарында жүк автомобильдері мен қоғамдық автокөліктер үшін қозғалыс жабылды.
(Павлодар облысы)
11.01. Сағат 15:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» (1135-1205-ші шақырымдар, Шідерті кенті - Қарағанды облысының шекарасы), «Қалқаман-Майқайың- Баянауыл-Үміткер-Ульянов» (138-231-ші шақырымдар, Баянауыл кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259-шы шақырымдар, Шідерті кенті - Қарағанды облысының шекарасы) автожолдарында жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс жабылды.
(Шығыс Қазақстан облысы)
11.01. Сағат 18:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім нашарлауы) «Күршім-Қалжыр» автожолында (0-131-ші шақырымдар) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
(Қызылорда облысы)
11.01. Сағат 19:45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр) «Қызылорда-Павлодар-Успенка -РФ» 12-216-шы шақырымдар, Қызылорда қаласы- Қарағанды облысының шекарасы) авокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.