Қазақстанның 7 қаласында жексенбі күні ауа сапасы төмендеуі ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпанға арналған метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 12 ірі қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасай отырып.

Ақтау, Атырау, Қостанай, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған сияқты қалалардағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына негіз болады.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап, Қазгидромет сайтында жақын күндерге арналған жайсыз метеорологиялық жағдайлар (ЖМЖ) туралы мәліметтер таралуда.

ЖМЖ атмосфераның жер бетіндегі қыртысында лас заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ЖМЖ болған жағдайларда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайға жасалатын болжам (жел, жауын-шашын, қар, ылғалдылық, ауа температурасы) болып табылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram