Қазақстанның 7 кереметі Бүкіләлемдік туристік ұйымдар Бас ассамблеясында таныстырылады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Наурыздың 22-сінде анықталатын Қазақстанның 7 кереметі биылғы жылдың қазан айында Астанада өтетін Бүкіләлемдік туристік ұйымдарың 18-ші Бас ассамблеясында таныстырылады.

Қазақстанның 7 кереметі Бүкіләлемдік туристік ұйымдар Бас ассамблеясында таныстырылады
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Сергей Никитинский айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сергей Никитинскийдің айтуынша, «Қазақстанның 7 кереметі» Қазақстандағы туризмді дамытуға серпін беретін жобаның бірі. «Сондықтан бұл конкурсты өткізіп, қолдау жасалып отыр және Астанада өтетін Бүкіләлемдік туристік ұйымдардың 18-ші Бас ассамблеясында таныстыру да Қазақстанның туризм саласындағы келбетін арттыру үшін жасалып отыр» деді ол.